Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық қызметтердің ауқымды деректерін есепке алу және талдау үшін цифрлық құралдарды енгізуде. Қор басшысы Әбілқайыр Сқақов журналистерге Ситуациялық-талдамалық орталығының жұмысын таныстырып өтіп, олардың сұрақтарына жауап берді.
Қазақстандағы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүйені цифрландыру шеңберінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылғы наурызда құрылған Ситуациялық-талдамалық орталығы жұмысының нәтижелерін ұсынды. Көлемді деректерді жедел талдау және тиімді басқару шешімдерін қабылдау орталығы днсаулық сақтау, экономика, статистика және IT мамандарын біріктірді.

Қазірдің өзінде Power BI, Superset және QlikSense сияқты құралдарды қолдана отырып, 1000-нан астам басқару тақтасында 500-ге тарта басты көрсеткіштер ұсынылды. Аналитика 18 базаның деректерін қамтиды, бұл қоңырауларға жедел жауап беруге және медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. 26 ақпараттық жүйемен интеграциялау көзделеді.
«Ситуациялық-талдамалық орталығы жұмысының тиімділігі біздің операцияларымыздың ашықтығымен тікелей байланысты. Біз жұмыс нәтижелерімен бөлісуге және кері байланыс алу үшін журналистермен және сарапшылармен ашық диалогқа дайынбыз. Осыған байланысты бүгін Ситуациялық-талдамалық орталығы құралдарының көмегімен біз келесі модульдер бойынша талдамалық ақпаратты ұсынғымыз келеді: медициналық көмекті қаржыландыру, медициналық ұйым және аймақ портреті, пациент портреті», - деп өз сөзінде атап өтті Қор басшысы Әбілқайыр Сқақов.

МӘМС жүйесінің маңызды жетістіктерінің бірі - қаржыландырудың едәуір ұлғаюы. 2024 жылы медициналық көмекке бағытталған қаражат көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 2,5 есе өсіп, 2,5 трлн теңгеге жетті. Бұл бюджеттің 40%-дан астамын МӘМС түсімдері құрайды.
Жоғары технологиялық медициналық көмекті қаржыландыру төрт еседен астам, ал консультациялық-диагностикалық көмек 15 есе ұлғайды. Осы ретте 2020 жылдан бастап бұл бағыттарға жұмсалатын шығыстардың 80%-ы МӘМС түсімдері есебінен жабылады.

Осылайша, МӘМС жүйесін енгізудегі басты міндеттердің бірі – пациенттердің басым бөлігіне қымбат медициналық көмекке қолжетімділікті арттыру шешілуде.

Ситуациялық-талдамалық орталығында негізгі қызмет түрлері бойынша шығындар мен түсімдердің арақатынасын зерттеді. Мамандандырылған медициналық көмек бойынша ол 7-ден 1-ді, ал жоғары технологиялық медициналық көмек бойынша 100-ден 1-ді құрады. Талдау қорытындысы жүйенің негізгі донорлары 30-60 жас аралығындағы еңбекке қабілетті азаматтар болып қала беретінін, ал зейнеткерлер мен балалар медициналық көмекті көбірек тұтынатынын көрсетті. Яғни, жас ұрпақ балалар мен үлкендерге қамқорлық жасайды, ортақ жауапкершілік қағидаты жұмыс істейді. Әбілқайыр Сқақов МӘМС «қаржылық қорғау» қағидатын нақты мысалдармен көрсетті.

33 жастағы әйел санитар болып жұмыс істейді, өткен жылы 33 051 теңге сомасына аударымдар мен жарналар енгізген. Бедеулік бойынша есепте тұрады, балалары жоқ. МӘМС бойынша оған құны 1,16 млн теңгеден астам сомаға ЭКҰ қызметі көрсетілді, жалпы 2023 жылы ол 1,4 млн теңгеден астам сомаға медициналық қызметтер алды. Яғни МӘМС-ке төленген жарналардан 44 есе көп.

Тағы бір жағдай. Ер адам егістікте жұмыс істейді, жеке кәсібі бар, «Жүректің ишемиялық ауруы» диагнозы бар. Өткен жылы жүйеге 30 710 теңге төлеген. Оның жүрегіне құны 1 млн теңгеден асатын екі ота жасалды. Оған көрсетілген медициналық көмектің жалпы құны 1,27 млн теңгені құрады, бұл оның төлеген МӘМС жарналарынан 41 есе көп.
«Әйел бастауыш сынып мұғалімі, еңбек өтілі – 20 жыл. Осы уақыт ішінде қанша түлекті шығарғанын санай беріңіз. Ұстаздың төрт баласы және жеті немересі бар. Оның 3 дәрежелі гонартрозы бар. Мұғалім ретінде оның аяғы сау болуы маңызды, өйткені оқушылармен ашық ойындар ойнау керек. МӘМС жүйесінің арқасында оған тізе буындарын ауыстыру бойынша екі ота жасалды», - деп түсіндірді Қор басшысы.

Басқарма төрағасы шара соңында Ситуациялық-талдамалық орталығын құру Қордың ілгері қадам жасауы ғана емес, барлық азаматтарға қарай жасалған қадам екенін атап өтті. Ол сапалы талдау ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге және сайып келгенде медициналық көмек деңгейін арттыруға көмектесетініне сенім білдірді.

«Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын отандастарымызға 400 млн консультативтік-диагностикалық қызмет көрсетіледі» – деп атап өтті Әбілқайыр Сқақов.

Шара соңында Қор басшысы журналистердің сұрақтарына жауап берді.Фото: Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Баспасөз қызметі
22.08.2024
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
БОЛЕЕ 1 ТРЛН ТЕНГЕ ПОСТУПИЛО В ВИДЕ ВЗНОСОВ И ОТЧИСЛЕНИЙ В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ ЖАРНАЛАР МЕН АУДАРМАЛАР СОМАСЫ 1 ТРЛН-НАН АСТЫ
2024 жылы МӘМС жүйесінде 15,9 млн адам сақтандырылған.
26.06.2025
НА 1,1 ТРЛН ТЕНГЕ ОКАЗАНА МЕДПОМОЩЬ ПО ОСМС В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ МӘМС АЯСЫНДА 1,1 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 12%-ға жоғары. Жалпы, былтыр ТМККК және МӘМС аясында медициналық көмек көрсетуге 2 трлн 522 млрд теңге бөлінді.
26.06.2025
НА 11,7% СОКРАТИЛОСЬ КОЛИЧЕСТВО ЖАЛОБ ПАЦИЕНТОВ
ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ШАҒЫМДАРЫ 11,7%-ҒА АЗАЙДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында халық тарапынан МӘМС жүйесіндегі медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне қатысты шағымдардың азаюына ықпал еткен шаралар туралы баяндалды.
18.06.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу